М.С. Нәрікбаев атындағы кітапхананың сирек кездесетін кітаптар қоры – кітапхананың ең бірегей қоры, оның құрамында «кітап естеліктері» деп аталуға тұрарлық кітаптар жиналған. Сирек деп кітаптар түрлі себептермен атала бастайды.  Оның бір себебі – кітаптың шыққан жылы. Кітаптың шыққан жылы неғұрлым көне болса, соғұрлым аз данасы біздің күнімізге дейін жетті және сол себепті оның құндылығы молырақ. Кітаптың құндылығын көптеген факторлар айқындайды. Ең алдымен бұл кітапты ақпарат көзі ретінде анықтайтын белгілер: ғылыми не мәдени маңыздығы.

Кітапхананың негізгі мақсаттарының бірі бұл қорды кітапхананың пайдаланушыларына ұсынудан және оны өскелең ұрпақ үшін сақтап қалудан тұрады.

Қазіргі таңда сирек кітаптар қоры 630-дан астам кітап данасын қамтиды. Бұл көбінесе ХІХ ғасырдан бастап ХХ ғасырдың бірінші ширегінде жарық көрген орыс және шетелдік кітаптар.

Бұл, мәселен, мынадай кітаптар:

Архивъ государственнаго совъта

Т.4 : Царствованiе императора Александра I : Журналы по дъламъ департамента законовъ. Ч.3 : по Гражданскому Отдъленію (1818-1820гг.). — Санктпетербургъ : Въ государственной типографiи, 1893, Верга Д. Мастро дон Джезуальдо : Пер. с итал. / Д. Верга. — Л. : Художественная литература, 1890,Кони А.Ф. На жизненном пути. т. 2. Из воспоминаний. Публичные чтения. В верхней палате / А. Ф. Кони. — СПб., 1912, Нольде А.Э.Очерки по исторіи кодификаціи мъстныхъ гражданскихъ законовъ при графъ Сперанскомъ. Вып.1. Попытка кодификаціи литовско-польского права : архивные материалы / А.Э. Нольде. — С.-Петербургъ : Сенатская типография, 1906.

Полицейское право (Административное право) : Конспектъ лекцій Н.Н. Бълявскаго . — 2-е изд., доп. — Юрьевъ : Типографія К. Маттисена, 1910,Прокурорскій надзоръ въ его устройствъ и дъятельности : Пособіе для прокурорской службы / Н.В.Муравьев

Т.1 : Прокуратура на Западъ и въ Россіи. — М. : Университетская типографія, 1889, Хартулари К.Ф.

Право суда и помилованія какъ прерогативы Россійской державности ( Сравнительное историко-законодательное изслъдованіе). Общая и Особенная части : архивные материалы / К.Ф. Хартулари. — С.-Петербургъ : тип. МВД, 1899. И т.д.

Сирек басылымдардың электрондық коллекцияларының негізгі міндеттері:

  • Құнды материалдың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Қызмет көрсету сапасы мен деңгейін арттыру;
  • Кітапханалық технологияларды жетілдіру;
  • Кітапхананың ақпараттық ресурстарын дүниежүзілік ақпараттық кеңістікпен біріктіру;
  • Электрондық құжаттарды ұзақ мерзім бойы сақтау.

Кітапхана сирек басылымдарды іріктеу кезінде материалдың бірегейлілігі, кітаптың көнелігі, білім мен ғылыми мақсаттарда құжаттың өзектілігі секілді өлшемшарттарды басшылыққа алады.

Электрондық көшірмелерді электрондық құжаттарға айналдыру және оларды кейіннен сақтау кітапхананың міндеті болып табылады.

Электрондық тасығыштардағы құжаттар кітапханалардың алдына ұзақ сақтау мүмкіндігі секілді жаңа міндетті белгілеп, кітапхана қорларын тез толықтыруда. Электрондық құжаттар өте нәзік және оңай жойылуы, жоғалуы, бүлінуі не өзгертілуі мүмкін.