М.С. Нәрікбаев атындағы кітапхананың стратегиялық бастамаларының бірі кітапхана пайдаланушыларының кәсіби дамуына қолдау көрсету және оқу процесін ұйымдастырудың жоғарғы деңгейі болып табылады. Оқырмандардың ыңғайлылығына ақпараттың кеңістіктегі навигация үшін бұл бөлімде  сабақтардың тақырыптары мен кестесі ұсынылады.

Электрондық кітапханалардың деректер базаларын қолдануды үйретуге арналған сабақ кестесі сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін, 135-кабинет (Электрондық ресурстар залы).

Дүйсенбі: «Web of Science» электронды-кітапханалық жүйесі

Web of Science – ғылыми журналдардағы мақалалар мен патенттер деректерінің реферативтік базаларын, оның ішінде Thomson Reuters компаниясы әзірлейтін және ұсынатын, жарияланымдардың өзара дәйексөз келтірілуін ескеретін базаларды біріктіретін іздеу платформасы.  Web of Science жаратылыстану, техникалық, қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар мен өнер бойынша материалдарды қамтиды. Платформаның библиографиялық ақпаратты іздеу, талдау және басқару мүмкіндіктері бар.

Сейсенбі: Springer, IPRbooks электронды-кітапханалық жүйесі

  • Springer – ғылым, техника мен медицина бойынша электрондық нысандағы 1200-ден астам журналға қол жеткізуге мүмкіндік беретін электрондық деректер базасы.
  • IPRbooks –барлық негізгі білім бағыттары бойынша электрондық кітапхана.
  • IPRbooks ЭКЖ 12 мыңнан артық басылымды қамтитын базалық версиямен шектеусіз жұмыс жасауға мүмкіндік береді: оқулықтар мен оқу құралдары, монографиялар, анықтамалық басылымдар, жоғарғы мектеп мамандарын даярлаудың әр түрлі бағыттары бойынша журналдар.

Сәрсенбі: «Читатель» АЖО, «МегаПро» ЭК

  • «Читатель» АЖО – кез келген тақырып бойынша кітапханамызда бар кез келген кітапты тауып бере алатын электрондық каталог.
  • «МегаПро» ЭК – Интернет арқылы кітапханамызда бар кез келген тақырып бойынша кез келген кітапты тауап бере алатын электрондық онлайн-каталог.

Бейсенбі: eLIBRARY.RU, POLPRED электрондық деректер базасы, Республикалық жоғары оқу орындарының электрондық кітапханасы (РМЭБ)

  • eLIBRARY.RU – Ресейлік ғылыми дәйексөз келтіру индексімен біріктірілген ресейлік ғылыми электрондық кітапхана. 2017 жылға қарай eLIBRARY.ru деректер базасында 24 млн. астам мақала болған.
  • POLPRED – анықтамалық жүйені, беделді экономикалық газет пен аналитикалық журналды қамтитын, ақпараттық қамтамасыз етудің орыс тілді бірегей жобасы. Ресей мен шетелде БАҚ және интернет-сервистер арқылы өнеркәсіп пен қызметтер мониторингі. Елдер мен салалар бойынша жетекші ресми сайттардың каталогы. Күн сайын мақалалардың сюжеттері мұқият іріктеліп, онлайн деректер базасында жүздеген газеттер мен ақпараттық агенттіктердің он бес жыл бойы жариялаған жарты миллион ең маңызды хабарламалары.
  • РМЭБ – Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми, оқу және әдістемелік ресурстарын біріктіретін ақпараттық және анықтамалық-іздеу кітапханалық жүйесі.

Жұма: «BestProfi» АЖ электронды-кітапханалық жүйесі

  • BestProfi – Қазақстан Республикасының анықтамалық-заң жүйесі. Сот тәжірибесі бойынша құжаттарды, заңдарды және заңнама бойынша көптеген басқа да құжаттарды қамтиды.

Байланыс деректері

Усин Айдар Елеусизович — жүйелі әкімгер.

Моб. тел.: +7 (701) 442 19 82

Е-mail: a_usin@kazguu.kz