SJR (SCImago Journal Ranking). Гранада университетінің әзірлеген журналдар рейтингі, бұл рейтинг дәйексөздердің жалпы келтіру санын ғана емес, ал сонымен бірге жылдар бойынша дәйексөздерді келтірудің өлшенген көрсеткіштерін және сілтемелердің беделдігі секілді сапалы көрсеткіштерді ескереді – «А» журналындағы мақалаға Nature журналындағы сілтеме салмағы Scopus-та сілтемелері мүлде жоқ не жоқ дерлік әрі атағы шыға қоймаған ресейлік журналдағы дәл сол мақалаға берілген сілтеменің салмағынан айрықша болады.

SNIP (Source Normalized Impact per Paper).  SNIP көрсеткішін  CWTS орталығы (Centre for Science and Technology Studies) әзірледі. Ол журналдың контекстік дәйексөзге алыну ықпалын бейнелейді, бұл авторлардың басқа ақпарат көздерін дәйексөз ретінде келтіру жиілігін, дәйексөзді келтіру ықпалын дамыту жылдамдығын және деректер базасының аталған бағытының әдебиетті қамту дәрежесін ескере отырып, әр түрлі тақырыптағы журналдарды тікелей салыстыруға мүмкіндік береді.

JCR (Journal Citation Reports) — дәйексөзге алыну жөнінде жыл сайынғы есептер — Web of Science Core Collection базасында дәйексөзге алынатын журналдар, оларды салыстыру және тапсырылған өлшемшарттар (импакт-фактор, тақырып, атау) бойынша іздеу мүмкіндігі туралы толық ақпаратты ұсынады. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын 05.08.2022 жылғы ғылыми басылымдар тізбесін сілтеме. бойынша тексеріп шығуға болады.

ЖАК-тың рецензияланған басылымдарын сілтеме бойынша қарауға болады.

Басылымның (журналдың) Scopus деректер базасында индекстелгенін тексеруге және оның ғылымиометриялық көрсеткіштерін (Hirsch индексі, дәйексөз деңгейі және т.б.) сілтеме. бойынша білуге ​​болады.
 

Web of Science базасының ғылымы журналдарын осы жерден. тексеруге болады.

 
Scopus дерекқорындағы автордың жұмысын сілтеме. бойынша тексеруге болады.
 

RSCI журналдарының академиялық рейтингін осы жерден. көруге болады.