EBSCO – Arab world Research Source электрондық дерекқорына тестілік қолжетімділік-19.04.2023 бастап 17.07.2023 дейін

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев атындағы кітапхана біздің университетке EBSCO Arab world Research Source базасына тестілік қолжетімділік ашылғанын хабарлайды – сілтеме.

Arab World Research Source-1320-дан астам толық мәтінді басылымдарды қамтитын араб, Таяу Шығыс және Исламтану саласындағы толық мәтінді журналдардың мамандандырылған дерекқоры. Басылымдардың тақырыбы Таяу Шығыс және Ислам зерттеулерінің жалпы бағыттарын, сондай-ақ Ислам тарихы, Ислам құқығы, Ислам және араб әдебиеті сияқты нақты тақырыптарды қамтиды. Journal of Islamic Ethics, Muqarnas: An Annual on the Visual Culture of the Islamic World, Studia Islamika, DOMES: Digest of Middle East Studies, Arabian Archaeology & Epigraphy, Arab Media & Society, Journal of the Middle East & Africa, Journal of Islamic Studies, Middle East Law & Governance, Arabica, Muslim World сияқты 1-2 квартилдің беделді басылымдарының арасында (SJR рейтингі).

Қашықтан қол жеткізу үшін сілтеме нұсқаулығын пайдалану керек .

Кіру 2023 жылдың 17 шілдесіне дейін жалғасады!

Осы мүмкіндікті пайдалануға асығыңыз-EBSCO басылымдарын ғылыми және білім беру қызметіңізде барынша тиімді пайдаланыңыз!

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: