(Рус) Тестовый доступ к Базе данных Passport (от Euromonitor International) с 04.10.2021 по 04.12.2021

2021 жылдың 4 қазанынан бастап 4 желтоқсанына дейін Passport (Euromonitor International компаниясынан) деректер базасына тестілік қолжетімділік.

Құрметті кітапхана оқырмандары!

Арнайы сіздер үшін 2021 жылдың 4 қазанынан бастап 4 желтоқсанына дейін Passport (Euromonitor International компаниясынан) деректер базасына тестілік қолжетімділік ашылғанын хабарлаймыз.

Қосылу келесі сілтеме бойынша жүзеге асады: portal.euromonitor.com

Университет желісінде IP мекенжайлар бойынша кіру – логин мен парольсіз

Егер сізге қашықтан қосылу қажет болса, өзіңіздің электрондық пошта мекенжайыңызды кітапхананың IT маманы Усин Айдарға – a_usin@kazguu.kz. хабарлауыңызды сұраймыз.

Passport деректер базасы туралы ақпарат (Euromonitor International компаниясынан)

“Passport” ақпараттық жүйесі халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін 115 миллион статистикалық деректерді, сондай-ақ әлемнің 210 еліндегі бизнестің өзекті жай-күйі мен экономикалық ахуалын көрсететін 25 000-нан астам талдамалық есептер мен мақалаларды қамтиды.

Жоғары сапалы зерттеулер, сонымен қатар түрлі әдіснамалар мен тәжірбиелер әлемнің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылады. Euromonitor International компаниясы, зерттеу ұйымы және стратегиялық ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Компания пайдаланушыларға өнеркәсіп салалары, тұтынушыларға беделді жаһандық, өңірлік және жергілікті ақпараттарды ұсынады.

Passport. Деректектер базасын пайдаланушылар нұсқаулығы орыс тілінде:

http://go.euromonitor.com/rs/805-KOK-719/images/gbPassportUserGuide-Rus-v1.1.pdf

 

Деректер дәйексөзі: ақпаратты пайдалану ережелері мен шарттарына сәйкес пайдаланушылар деректерді іздей, сақтай, жүктей және көшіре алады. Мазмұнды әріптестермен бөлісуге және кез-келген академиялық жұмыста, баяндамаларда, есептерде және үшінші тұлғаларға арналған презентацияларда (30%-ға дейін) шағын үзінділерді пайдалануға болады.

Passport деректер базасымен жұмыс жасау теориялық материалды меңгеруге, практикалық тәжірибе алуға көмектеседі, аналитикалық және коммерциялық ойлауды дамытады, студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттырады.

 

Ресурсқа қашықтан қол жеткізу . М. С. Нәрікбаев атындағы кітапхана сайтында орналасқан беттен жүзеге асырылады – файл «Настройки Удаленного доступа«.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: