02.10.2023 бастап 31.12.2023 дейін “Университет кітапханасы онлайн” ЭБЖ базалық жинағына тестілік қолжетімділік

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Біздің университетке “Университет кітапханасы онлайн” ЭБЖ базалық жинағына тегін тестілік қолжетімділік берілді https://biblioclub.ru/index.php?page=book_blocks&view=main_ub 31.12.2023 ж. дейін

Қол жетімділік оқу орнының IP-мекен-жайы бойынша берілген. Ресурсқа қашықтан қол жеткізу үшін сайтта жеке тіркеуден өту керек. Нұсқаулыққа сілтеме:
https://disk.yandex.ru/i/Trr9tGWN8hRzkQ.

“Онлайн Университет кітапханасы” – білім берудің барлық салалары бойынша оқу және ғылыми әдебиеттердің аса сұранысқа ие материалдарына университеттердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін заманауи білім беру кітапханасы. Кітапхана құрамында 130 000-нан астам басылым бар.

Ресурста оқулықтар, монографиялар, мерзімді басылымдар, анықтамалықтар, сөздіктер, энциклопедиялар, бейне және аудио материалдар бар. Каталог жетекші ресейлік баспалардың жаңа өзекті оқу әдебиеттерімен жүйелі түрде толықтырылып отырады.
Кітапханамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты келесі сілтеме арқылы табуға болады: https://biblioclub.ru/index.php?page=static_red&id=107.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: