Scopus

Elsevier корпорациясының Scopus деректер базасы — ғылыми жарияланымдар дәйексөздерінің келтірілуін қағадалау мүмкіндігімен әлемдегі ең ірі әмбебап рефераттық деректер базасы, ол өзінде алпыс миллионнан астам жазбаларды қамтиды, оның ішінде жүз мыңнан артық кітап, конференциялардың жеті миллионға жуық материалын, жиырма жеті миллионға тарта патент.

Web of Science

Clarivate Analitics компаниясының Web of Science — ақпараттық-аналитикалық платформа, бүкіл әлем бойынша он екі мыңнан астам журналдағы елу миллионнан астам жазбаларды және конференциялардың жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар мен өнер саласындағы жүз жиырма мыңға жуық материалдарын қамтиды. Web of Science платформасында бірнеше деректер базалары орналастырылған: Web of Science Core Collection, Russian Science Citation Index (ресейлік ғылымның дәйексөздерін келтіру индексі), сондай-ақ әр түрлі өлшемшарттар тұрғысынан ақпаратты бағалауға көмектесетін аналитикалық құралдар  (Incites, Journal Citation Reports, Essential Citation Reports).

РДКИ

Ғылыми электрондық кітапхананың Ресейлік дәйексөз келтіру индексі (РДКИ) – ресейлік авторлардың жеті миллионнан астам еңбектерін және төрт жарым мың ресейлік журналдардан осы мақалалардың дәйексөздерін келтіру туралы ақпаратты қамтитын ұлттық ақпараттық-аналитикалық жүйе. eLIBRARY.RU платформасында орналастырылған жарияланымдардың толық мәтіндеріне қол жеткізу үшін тіркелу қажет. Тіркелген пайдаланушылардың журналдар мен мақалалардың жеке топтамаларын құру, іздеу сұраныстарының тарихын сақтау, навигатор панелін баптау және т.б. мүмкіндіктері бар.

Google Scholar

Барлық форматтар мен салалардағы ғылыми жарияланымдардың толық мәтіндеріне толық қол жеткізуге мүмкіндік беретін ашық іздеу жүйесі.