Ағылшын тіліндегі жаңалықтар басылымына кіру: The Economist

Құрметті оқырмандар!

Сіздерге 08.02.2021 күнінен бастап «The Economist» іскерлік жаңалықтар басылымының электрондық нұсқасына кіре алатындарыңызды хабарлаймыз.

«The Economist» – бұл еркін сауда, жаһандану, иммиграция мәселелерін қамтитын британдық қоғамдық, саяси және іскери апталық журнал, классикалық экономикалық және мәдени либерализмнің типтік өкілі. Бұл журнал сауда-саттықтың экономикалық шарттары мен қағидаларын жақсы танитын, ағылшын тілді аудиторияға, атқарушы билік өкілдеріне, саясаткерлерге, экономистерге, банкирлерге, кәсіпкерлерге бағытталған.

«The Economist» әлемдік қаржы жаңалықтарына, саясат пен бизнеске, ғылым мен техникаға, әдебиет пен өнерге көп көңіл бөледі. Басылым өзінің тұрақты есептері мен материалдар жинағымен де танымал.

Басылымға М.С.Нарикбаев атындағы кітапхана арқылы кіре аласыз.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: