Wiley басылымының ақпараттық ресурстарына тестілік қолжетімділік 05.01.2022 бастап 31.03.2022 дейін ұсынылады


 

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер!

«Ұлттық жазылым» жобасының аясында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 31 наурызына дейін Wiley басылымы ақпараттық ресурстарына ғылыми зерттеулер үшін тестілік қолжетімділікті ұсынатынын хабарлаймыз.

Тестілік қолжетімділік аясында ұсынылатын ресурстар (ағылшын тілінде):

  • 1997 жылдан бастап 2022 жылдар аралығындағы архивті қамтыған Wiley ғылыми журналдарының кеңейтілген топтамасы;

Басылымның барлық толық мәтінді ресурстары Wiley Online Library платформасында ұсынылған: сілтеме

Wiley халықаралық басылымы ірі академиялық басылымдардың бірі болып болып табылады. 1807 жылы негізін қалаған John Wiley & Sons (толық атауы) қазіргі заманғы ғылым және білім саласының барлық саласы бойынша толық мәтінді ғылыми ресурстар жариялайтын басылымдардың ішінде әлем бойынша ең көне және құрметті басылым болып табылады.

Қолжетімділік университет желісі ішінде және қашықтан жүзеге асырылады. Мақалалардың толық мәтінін қарау және қолданушылардың санына шектеу қойылмаған.

Кеңес беру және тәжірибелік көмек көрсету М.С.Нәрікбаев атындағы кітапхананың Электрондық ресурстар залында жүргізіледі.

 

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: